Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ritz-Сarlton қонақ үйінен шыққан "түтінді" байқаған Алматы тұрғындары алаңдаушылық білдірді

Опубликовано:

Ritz Carlton
Ritz Carlton. Видеодан кадр: KAZ.NUR.KZ

Алматы тұрғындары бүгін, 14 қарашада әл-Фараби даңғылындағы Ritz-Сarlton қонақ үйінің төбесінен "түтін" шығып жатқанын байқады. Алаңдаушылық білдірген қала тұрғындары бұл туралы 101 нөміріне хабарлаған. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Портал тілшісі қаладағы ең биік ғимараттың төбесінен түтін шығып жатқан сәтін видеоға түсіріп алды.

"Бүгін - сейсенбі, 14 қараша, Алматы қаласы. Әл-Фараби бойындағы Ritz-Сarlton ғимаратының төбесінен түтін шығып жатыр. Бұл не екен, өрт пе, жай ғана түтіндеу ме? Әдейі бірнәрсе жағып жатыр ма?", - дейді автор.

Бұған қатысты қалалық ТЖД ресми өкілі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.

"Бұл – салқындатқыш чиллерден (сұйықтықты салқындататын құрылғы) шыққан бу. 101 нөміріне сұрату көп түсіп жатыр, өрт пе деп алаңдап жатқандар бар. Өрт болса қара түтін пайда болар еді", - дейді қалалық ТЖД өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045606-ritz-sarlton-qonaq-uiinin-tobesinen-syqqan-tutindi-baiqagan-almaty-turgyndary-alandausylyq-bildirdi-video/

pixel