Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада үш альпинист биіктен құлап көз жұмды: фирма басшысы ұсталды

Опубликовано:

Күдіктіге кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

12 қазанда елордада төрт өнеркәсіптік альпинист биіктен құлап, оның үшеуі қайтыс болған еді. Құрылыс алаңында альпинистердің құлау дерегі бойынша жұмыс беруші қамауға алынды, деп хабарлайды Астана қалалық прокуратурасы ресми сайтында.

Ведомство мәліметінше, Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі "Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Тергеу барысында жұмыс беруші жеке кәсіпкерлік (ЖК) басшысының қызметкерлердің қайтыс болуына қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды.

"Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша тергеу органы ЖК басшысына қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық адамды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деп хабарлады қалалық прокуратурадан.

Қылмыстық істі тергеу барысы қала прокуратурасының бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045621-astanada-us-alpinist-biiktikten-qulap-koz-zumdy-firma-bassysy-qamauga-alyndy/

pixel