Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҚазТрансГаз Аймақ" филиалының басшысы ұсталды

Опубликовано:

Күдіктілерді ұстау сәті
Күдіктілерді ұстау сәті. Видеодан кадр. : t.me/afm_rk

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Жезқазған филиалының директоры мен бас маманы ұсталды. Оларға қатысты "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

"ҚазТрансГазАймақ" АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы қала тұрғындары мен шаруашылық субъектілерінен 70 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейінгі мөлшердегі заңсыз ақшалай сыйақылар бопсалаған.

Агенттік мәліметінше, олар бұл қаражатты газды қосу рұқсатын және техникалық шарттарды жедел алу үшін талап еткен.

"Өңірдегі газдандыру саласындағы жүйелі проблемалар ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаментінің әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуі нәтижесінде анықталды.

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Осы тұлғаларға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарламада.

Қаржы мониторинг агенттігі тергеу жалғасып жатқанын, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045624-qaztransgaz-aimaq-filialynyn-bassysy-ustaldy-video/

pixel