Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот белгілі полицей Данияр Мейірханның қызметіне оралу туралы арызын қанағаттандырмады

Опубликовано:

Данияр Мейірхан
Данияр Мейірхан. Фото: instagram.com/meirkhan_daniyar

Шымкент қаласы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Данияр Мейірханның қалалық ішкі істер бөліміне қатысты арызын қарады, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ сот шешіміне сілтеме жасап.

Шымкент қалалық ПД жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция полкінің экс-командирінің талап арызында бұйрықты заңсыз деп танып, бұрынғы лауазымын қалпына келтіруді және жалақысын өндіруді сұраған.

"Сот Азаматтық процестік кодекстің 223-226-баптарын басшылыққа ала отырып, Мейірхан Данияр Мейірханұлының Шымкент қалалық ІІБ-на қойған талап арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады", - делінген сот шешімінде.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қыркүйек айында Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция полкінің командирі қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Шымкент қаласы полиция департаментінің мәліметінше, "Антикор" қызметкерлері патрульдік полиция полкінің инспекторы 70 мың теңге көлемінде пара алғанын анықтаған.

Кейін қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижелері тәртіптік комиссияда қаралды.

"Комиссия өз кезегінде патрульдік полиция полкінің командирін, оның екі орынбасарын, рота командирін, оның орынбасарын және взвод командирін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін қызметінен босату туралы шешім қабылдады", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген инспектор қызметінен босатылып, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, қамауға алынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045647-sot-atysuly-policei-daniyar-meiirxannyn-qyzmetine-oralu-turaly-aryzyn-qanagattandyrmady/

pixel