Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында Болат Назарбаевты жерлеу рәсімі өтті

Опубликовано:

Болат Назарбаевты жерлеу рәсімі
Болат Назарбаевты жерлеу рәсімі. Фото: azattyq-ruhy.kz

Алматы облысында Болат Назарбаевты жерлеу рәсімі өтті. Оған Қазақстанның бұрынғы президенті қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Басылым ақпараты бойынша, Болат Назарбаевты жерлеу рәсіміне Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен премьер-министр Әлихан Смайылов қатысқан.

Болат Назарбаевты жерлеу рәсімі
Болат Назарбаевты жерлеу рәсімі. Фото: azattyq-ruhy.kz

Қазақстанның бұрынғы президенті халық алдында сөйлеген сөзінде Болат Назарбаев қайырымдылықпен көп айналысқанын, мешіт салдырғанын айтты.

"Осы ауылда туып-өстік. Біз оны жақсы көрдік, ол бізді жақсы көрді. Үйіміздің ең кенжесі еді. Тәуелсіздіктің отыз жылдығында жүз жылға татитын жұмыс жасалды, соның бәрін көрді, еңбек етті. Мектепке, ауылға көмектесті. Мешіт те салдырды. Көп еңбек етті. Ұл-қыз өсірді. Арманы жоқ деп айтуға болады. Бірақ армансыз адам бола ма? Әлі де өмірі алда еді.

Екі жарым жыл қатты ауырды, жүре алмады, сөйлей алмады, өздігінен тамақ іше алмады. Қатты қиналды. Қателіксіз адам болмайды. Біздің әулетімізге көңіл айтқандарыңызға көптен көп рахмет. Кешеден бері көп адаммен сөйлесіп жатырмын, жасаған жақсылығы көп. Жақсы сөз айтыңыздар. Еңбек етіңіздер, отбасыларыңыз аман болсын!" - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Болат Назарбаевты жерлеу рәсімі
Болат Назарбаевты жерлеу рәсімі. Фото: azattyq-ruhy.kz

Басылым жаназаға бірнеше мың адам келгенін жазды. Көңіл айтуға келгендер қатарында Ермұхамет Ертісбаев, Амандық Баталов, Нұртай Әбіқаев пен Алик Шпекбаев сынды көптеген саяси және қоғам қайраткері бар.

Болат Назарбаевты жерлеу рәсімі
Болат Назарбаевты жерлеу рәсімі. Фото: azattyq-ruhy.kz

Басылым жазуынша, Болат Назарбаев Үшқоңыр тауындағы бейітке жерленген. Топырақ салуға тек ет жақындары баруына рұқсат етілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045653-almaty-oblysynda-bolat-nazarbaevty-zerleu-rasimi-otti/

pixel