Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей Қазақстанда қандай ЖЭО салады: толық мәлімет жарияланды

Опубликовано:

ЖЭО
ЖЭО. Көрнекі фото: facebook.com/karaganda.energocentr

Өткен аптада ресейлік компания Қазақстанда үш ЖЭО салуды жоспарлап отырғаны хабарланған. Бүгін, 14 қарашада Энергетика министрлігі өкілдері әрбір құрылыс жобасы жайлы толығырақ ақпарат берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметі ақпараты бойынша, бүгінде еліміздің бірқатар өңірінде энергетикалық қауіпсіздік пен электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында жаңа энергия көздерін іске қосу қажет. Сондай-ақ сарапшылардың пайымдауынша, көп ұзамай электр энергиясы тапшылығы байқалуы ықтимал.

Осыған байланысты көмір өндіру негізінде Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жылу электр станцияларын салу жоспары қарастырылып отыр екен.

"Халықаралық қаржы институттарының көмір өндіруге қатысудан бас тартуына қарағанда, бұл жобаларды жүзеге асыру жолында біршама қиындық туындауы мүмкін. Бүгінде жасасқан келісім бойынша, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру үшін ресейлік "Интер РАО – Экспортпен" меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр", – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Көкшетаудағы ЖЭО

Осылайша қазіргі таңда Көкшетауда жылу электр орталығын салу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) дайын екені хабарланды. Сонымен қатар электр станцияларында мынадай техникалық көрсеткіштер қарастырылған:

  • электр қуаты – 240 МВт;
  • жылу беру қуаты – 520 Гкал/сағ.

"Қаланы газбен қамтуды жалғастыра отырып, көгілдір отынға көшіруге мүмкіндік беретін көп отынды ұнтақ көмір қазандықтарын орнату жоспарлануда.

Қазір жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр", – деп толықтырды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ Энергетика министрлігі өкілдері бұған дейін де Көкшетауда жылу электр орталығын салу талай рет жоспарланғанын атап өтті. Ол кезде жеке инвесторларды тарту үшін тендерлер өткізілген, бірақ өтінімдер келмегендіктен, бұл тендерлер жарамсыз деп танылған.

Семейдегі ЖЭО

Бүгінде "Семей қаласындағы ЖЭО-3 құрылысы" жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Осыған байланысты жобаның сметада белгіленген құны мен техникалық параметрлері әзірге белгісіз.

Алайда бұған дейін Абай ауданы әкімдігі жаңа жылу электр орталығының техникалық көрсеткіштері қандай болуға тиіс екені туралы ұсынысын жолдаған болатын.

  • электр қуаты – 360 МВт дейін;
  • жылу қуаты – 1200 Гкал/сағ.

Бірақ техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу барысында жаңа ЖЭО көрсеткіштері анықталуы мүмкін. Мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу 2023 жылдың желтоқсанында аяқталады.

Өскемендегі ЖЭО

"Өскемендегі "ЖЭО-2 құрылысы" жобасы аясында 100 пайыз орталықтандыру әрі жылуды қаланың оң жағалауына ауыстыру шартымен қаланың сол жағалауында қатты отынды пайдалану қарастырылып жатыр. Бұл Ертіс өзені арқылы өтетін жылу магистралінің құрылысын жүргізе отырып, орташа қысымды жабдықтың жылу қуатындағы мәселелерді шешу үшін қажет.

Бұл ЖЭО құрылысы жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме 2024 жылы әзірленеді деп жоспарланған", – деді Энергетика министрлігі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін вице-премьер-министр Серік Жұманғарин Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумында елімізде жылу электр станциясын салу жоспары туралы мәлімдегенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045685-resei-qazaqstanda-qandai-zeo-salady-tolyq-malimet-zariyalandy/

pixel