Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы автонесиеге қатысты жаңа алаяқтық түрі шыққанын ескертті

Опубликовано:

Ойыншық автокөлік
Ойыншық автокөлік Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда 37 жастағы ер адам 17 тұрғынды алдап кетті деген күдікпен ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, ол азаматтарды көлік несиесін алуға көндірген, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алмалы аудандық полиция бөлімі мәліметіне сүйенсек, Д. есімді азамат кем дегенде 17 тұрғынды алдады деген күдікке ілінген.

"Фигурант азаматтарды ай сайын талап етілетін соманы төлеуге уәде беріп, автокөлік несиесін рәсімдеуге көндіргені, кейін ақша мен көлікке қол жеткізген ол көлік құралын үшінші тұлғаларға қайта сатып, ақшаны өз қалауы бойынша жұмсағаны анықталды", – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы Олжас Шәріпов.

Қазір аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Тергеу барысында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкін. Сондықтан осы тұлғаның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына ұялы телефон нөмірлері арқылы қоңырау шалуға шақырамыз: 8-705-555-77-63; 8-775-747-77-78 және 8-778-591-91-35", – деп қосты полициядағылар.

Күдікті
Күдікті. Фото: polisia.kz

Тәртіп сақшылары тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты.

Сондай-ақ ведомство өкілі Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045724-almaty-policiyasy-avtonesiege-qatysty-zana-alayaqtyq-turi-syqqanyn-eskertti/

pixel