Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мүгедектігі бар адамдардың құқығы бұзылған: Алматыда 13 банкке айыппұл салынды

Опубликовано:

Мүгедектігі бар адам
Мүгедектігі бар адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда 13 екінші деңгейлі банк бөлімшелері тиісті түрде жабдықталмағандықтан оларға 9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қаласының прокуратурасы ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы жүргізген талдау қорытындысы бойынша, мүгедектігі бар адамдардың құқығы бұзылғаны анықталған.

Ведомство ақпараты бойынша, прокурорлармен кездесу барысында мүгедектігі бар адамдар қоғамы өкілдері қаладағы екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) бөлімшелері тиісті түрде жабдықталмағанын айтып, қызмет алу қолжетімсіздігі мәселесін көтерген.

ЕДБ мүгедектігі бар адамдар қаржылық қызмет алуға жиі келетін орындардың бірі екені белгілі.

Прокурорлар қаладағы банктерге тиесілі бөлімшенің ешқайсысы қойылған талаптарға сәйкес келмейтінін анықтады, яғни пандустар, мнемосхемалар, арнайы кассалар және т.б. қоғамдық нысандар я талапқа сай салынбаған, я болмаса мүлде жоқ.

Алматыда 50 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады.

"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заңының 14-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар адамдар Конституциямен және т.б. заңнамалық актілерімен бекітілген, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету құқығын қоса алғанда, барлық әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарына ие", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Алматы қаласы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаменті мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін 13 екінші деңгейлі банкті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 83-бабы бойынша жауапқа тартып, 9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салған.

Уәкілетті орган барлық ЕДБ-ға заңбұзушылықтарды жою бойынша әрі мүгедектігі бар адамдар үшін көзделген барлық жағдайды қамтамасыз ету бойынша ұйғарымдар берді.

Қазіргі таңда 8 банк өз бөлімшелерін талапқа сай қайта жандандырып үлгерген, қалған банктер тиісті шараларды қабылдап жатыр екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045793-mugedektigi-bar-adamdardyn-quqygy-buzylgan-almatyda-13-bankke-aiyppul-salyndy/

pixel