Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

970 миллион теңгеге залал келтірілген: Ақтөбеде алаяқтық жасады деген күдіктілер ұсталды

Опубликовано:

Сиыр
Сиыр. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде ірі қара мал сатып алу үшін несие қаражатын алған адамдар алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасы.

Ведомство хабары бойынша, "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалында ірі қара мал сатып алу үшін несие қаражатын алу кезінде алаяқтық фактілері анықталған.

"Тергеу барысында жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға бөлінген кредиттік қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған әрі бөгде тұлғаларға шаруа қожалықтарын рәсімдеген 3 тұлға анықталды", - делінген хабарламада.

Құқықбұзушылық салдарынан мемлекетке жалпы 970 млн теңге сомаға аса ірі мөлшерде залал келген.

Қазіргі уақытта 3 күдікті ұсталды, оларға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Күдіктілердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды. Олардың жалпы құны шамамен 260 млн теңге болған.

Антикор өкілі тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045804-970-million-tenge-zalal-kelgen-aqtobede-alayaqtyq-zasady-degen-kudiktiler-ustaldy/

pixel