Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оператор РОП" құрылтайшысына сотта шартты жаза сұралды

Опубликовано:

Шынар Мұқтарова
Шынар Мұқтарова. Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Астанада "Оператор РОП" құрылштайшысы Шынар Мұқтарованың ісі бойынша сот процесі өтіп жатыр. Бүгін тараптардың жарыссөзі болды, - деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Процесс барысында прокурор іс жүргізу келісімі туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартты, сондықтан сот отырысты жалғастыруға және іс материалдарын жалпы тәртіппен қарастыруға мәжбүр болды.

Мемлекеттік айыптаушы іс материалдарын жариялады, онда 2017-2018 жылдары құрылтайшы Мұқтарова мен Коротенко 920 млн теңге сомасында ақша ұрлағаны айтылады.

Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыруды ұйымдастырды деген айып тағылды. Прокурор Мұқтарова кінәсін толық мойындағанын, оның кінәсі дәлелденгенін атап өтті. Кінәні толық мойындау, өкіну, ерікті түрде өтеу жеңілдететін мән-жай ретінде қаралды.

Прокурор Қылмыстық кодекстің 28-бабының 3-бөлігі және 189-бабының 4-бөлігі бойынша Мұқтарованы кінәлі деп тануды сұрап, ол үшін коммерциялық ұйымдарда 5 жылға басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, шартты түрде 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Брокурор бұлтартпау шарасын прокурор ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатуға өзгертуді және Мұқтаровамен сот-экономикалық сараптама жүргізгені үшін мемлекет кірісіне 8,8 млн теңге, сондай-ақ 3 млн теңге мөлшерінде іс жүргізу шығындарын ынтымақты тәртіппен өндіріп алуды сұрады.

Жәбірленушілердің адвокаттары прокурормен келісті. Қорғаушы Мұқтаровадан оқшаулауға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады, өйткені сотталушы қарт анасының күтімін жасауы керек және ұлының оқу ақысын төлейді, сонымен қатар кішкентай немересіне қарайды екен. Сотталушы сот залында көз жасына ерік берді.

17 қарашада сотталушы оның соңғы сөзін айтады.

Еске салайық, биыл шілдеде Астанада "Оператор РОП" ісінің басқа да қатысушыларына - ЖШС басшыларына және іс бойынша көмекші ретінде сотқа тартылған экология экс-вице-министріне қатысты үкім шыққан еді. Оларға сот 1 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын кескен болатын. Бұл кезде Шынар Мұқтарова іздеуде болған.

Ол Дубайда ұсталып, Қазақстанға жеткізілген соң Астана қалалық соты оның ісін жеке қарастыра бастаған. Сотта Мұқтарованың қорғаушы тарапы оның іс жүргізу келісімін жасауға және келтірілген залалды өтеуге дайын екенін мәлімдеді. Мұхтарованың адвокаттары оның 920 млн теңгеден астам сомаға барлық дивидендін қайтарғанын мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045853-operator-rop-quryltaisysyna-sotta-sartty-zaza-suraldy/

pixel