Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада балабақша тәрбиешісі баланы ұрды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Ойнап отырған бала
Ойнап отырған бала. Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылордада балабақша тәрбиешісі баланы ұрды деген күдікке ілінді. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасы.

Баланың соққыға жығылғаны туралы ақпарат Instagram желісіндегі kritikakyzylordy паблигінде пайда болды. Автор жазбасында баласының соққыға жығылғанын және балабақша мен тәрбиешінің атын жариялады.

ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасының мәліметінше, Қызылорда қаласы Полиция басқармасына жеке балабақшалардың бірінде ұлына дене жарақатын салған тәрбиешіге шара қолдану туралы кәмелетке толмағанның заңды өкілінен арыз келіп түскен.

"Арыз негізінде қылмыстық іс тіркеліп, ҚК 140-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тәркіленген бейнежазбалар қылмыстық іске тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сот – медициналық сараптама нәтижесі бойынша баланың денсаулығына жеңіл зиян келтірілген. Ал сот-габитологиялық сараптамасының қорытындысы күтілуде", - делінген хабарламада.

Полция мәліметінше, 41 жастағы тәрбиешіге қатысты ІІО-ға келу туралы міндеттеме қабылданып, сондай-ақ ҚПК-ның 200-бабына сәйкес облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045865-qyzylordada-balabaqsa-tarbiesisi-balany-urdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel