Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Колледжде "жарылғыш зат қойылды" деп хабарлаған алматылық екі студенттің басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Телефон ұстап тұрған адам
Телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматылық колледждің екі студенті оқу орны мен қаладағы екі мектепте "жарылғыш зат қойылды" деп ақпарат таратты деген күдікке ілінді. Бұл жайт бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды ҰҚК-ның Алматы қаласы бойынша департаменті.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өңірлік департаментінің мәліметінше, 13 қарашада Алматы қалалық ПД-ның жедел кезекші орталығына СҚО-дағы әріптестерінен оңтүстік астананың үш білім беру мекемесіне жарылғыш заттар қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен.

"Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің колледжіне және хатта көрсетілген мекенжайлар бойынша №42 және №21 мектептерге қалалық төтенше жағдайларды жою қызметтері жөнелтілді. Жарылыс техникасы мен кинолог қызметтері колледж ғимараттары мен мектептерді тексерді. Тексеру нәтижесінде "ештеңе табылмады", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жалған хабар берді деген күдікпен Алматы қаласының екі тұрғынын, "Т" және "Ж" есімді азаматтарды анықтаған, олар осы колледждің студенті болып шыққан.

Ведомство мәліметінше, күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045866-kolledzde-zarylgys-zat-qoiyldy-dep-xabarlagan-almatylyq-eki-studenttin-basy-balege-qaldy/

pixel