jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алдағы үш күнде елдің оңтүстігінде 24 градусқа дейін күн жылынуы мүмкін

ағаш
Ағаш бұтағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Атап айтқанда, 18 қарашада еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын түсуі мүмкін.

Оңтүстік аймақтарда 16-17 қарашада күн бұлтты болғанымен, жауын-шашын жаумайды. Сондай-ақ өңірде күндізгі температура +19...+24 градусқа дейін жоғарылауы ықтимал. Дегенмен 18 қарашада жаңбыр жауады, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі деп болжануда.

Алдағы үш күнде елдің оңтүстігінде 24 градусқа дейін күн жылынуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.