Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар қыздың өлімі: сот әскери қызметкерді ақтады

Опубликовано:

судья балғасы
Судья балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

Қаңтар оқиғасы кезіндегі 4 жасар қыздың өліміне қатысты іс бойынша сот шешім шығарды. Әскери қызметкер Арман Жұман ақталды, деп хабарлайды "Азаттық" радиосы.

"Азаттық" радиосы мәліметінше, 15 қарашада Алматы гарнизоны әскери соты Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне байланысты айыпталушы әскери Арман Жұманды ақтады.

Бұған дейін прокурор айыпталушыны 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Айыпталушы Арман Жұман "Билікті асыра пайдалану" (451-бап, 2-бөлігі 1-тармағы) бабы бойынша айыпталған.

"Өкінішке қарай, сот Арман Жұманды ақтады. Қандай негізбен ақтағанын әзірге білмейміз. Үкім мәтінін жақын күндері аламын. Соттың мұндай кереғар тұжырымға қалай келгенін білмейміз. Апелляциялық шағым түсіреміз", - деді адвокат Жан Күнсеркин.

Сондай-ақ ол қайтыс болған қыздың әкесіне қатысты сот оны Қылмыстық кодекстің 119-бабы бойынша (Қауіпті жағдайда қалдыру) жауапкершілікке тарту туралы жеке қаулы шығарғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045937-almatydagy-qantar-oqigasy-kezinde-4-zasar-qyzdyn-olimi-sot-askeri-qyzmetkerdi-aqtady/

pixel