Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Костенко шахтасындағы апат: қаза тапқандардың отбасына қандай көмек көрсетілуде

Опубликовано:

Костенко атындағы шахта
Костенко атындағы шахта. Иллюстрациялық фото: Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған апаттан зардап шеккен төрт кенші әлі де ауруханада жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі 02

Ермағанбет Бөлекпаев Костенкодағы апаттан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

Қазіргі таңда төрт кенші медициналық мекемелерде ем алып жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа және жеңіл деп бағалайды. Ем алушылар барлық қажетті медициналық көмекті алуда.

Оған қоса барлық 46 отбасы БЖЗҚ-дан жерлеуге біржолғы төлем алды. Кәмелетке толмаған және 23 жасқа дейінгі жоғары оқу орындарында оқитын балалары бар 20 отбасына асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды.

Мемлекет қаза тапқан кеншілердің отбасыларына әрі қарай да қолдау көрсетеді.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы өз тарапынан 44 отбасыға 10 жылдық жалақы төледі. Қаза тапқан кеншілердің, олардың жұбайының, ата-аналары мен балаларының несиелері өтелді. Сондай-ақ, жұмыс беруші әр отбасы мүшесіне кемінде 18 шаршы метр болатын пәтер сатып әпереді. 18 жасқа дейінгі балаларға сақтандыру төлемдері беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045954-kostenko-saxtasyndagy-apat-qaza-tapqandardyn-otbasylaryna-qandai-komek-korsetilude/

pixel