Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде үш оқушыны көлік қағып кетті

Опубликовано:

жаяу жүргінші жолағы
Жаяу жүргіншілер жолағы. Көрнекі фото: pixabay.com

Өскеменде жаяу жүргіншілер жолында үш оқушыны көлік қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жасөспірімдер түрлі дәрежедегі жарақат алған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Оқиға 14 қарашада қаладағы Сәтпаев пен Жібек жолы көшелерінің қилысында болды. Жеңіл көлік тізгіндеген жүргізуші жаяу жүргіншілерге арналған өткелде 13 және 14 жастағы үш оқушыны қағып кеткен.

Сүйектері сынып, басына зақым келген балалар бірден Ана мен бала орталығына жеткізілді. Қазіргі уақытта үшеуінің де жағдайы қалыпты.

ШҚО полиция департаментінің қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Екі бала травматология, ал бір бала нейрохирургия бөлімде емделіп жатыр. Олардың денсаулығын қалпына келтіруге дәрігерлер барлық іс-шараны жасалады", - деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.

Дереккөз: КТК.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045967-oskemende-us-oqusyny-kolik-qagyp-ketti/

pixel