Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түнде тыныштықты бұзған": Жамбыл облысында алкогольге мас күйдегі әйел пойыздан түсірілді

Опубликовано:

Пойыз
Пойыз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жамбыл облысындағы Шу станциясына жеткен кезде Астана-Шымкент бағытындағы мас жолаушы пойыздан шығарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ақпараттық медиа-порталға сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство ақпараты бойынша, Астана – Шымкент бағытындағы жолаушылар пойызы Шу станциясына келгеннен кейін желілік полиция бөлімі қызметкерлері алкогольге мас күйде болған жолаушыны қоғамдық жерде тыныштықты бұзғаны үшін пойыздан түсірген.

"Тексеру барысында көлік полицейлері Түркістан облысының 34 жастағы тұрғынын анықтады. Ол қоғамдық орында масаң күйде болған және түнгі уақытта жолаушылардың тыныштығын бұзған", – деді көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.

Құқықбұзушыға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу), 437-бабы 2-бөлігі (Тыныштықты бұзу) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылған.

Құқықбұзушыға 15 АЕК (51 750 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

"Айта кетейік, аталған азамат бұған дейін тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын", – деді полиция полковнигі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045992-tunde-tynystyqty-buzgan-zambyl-oblysynda-alkogolge-mas-kuidegi-aiel-poiyzdan-tusirildi/

pixel