jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Әжелер шашу шашуда
Әжелер шашу шашуда. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Сүйінші жаңалықты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеткізді.

Мемлекет басшысы Х желісіндегі парақшасында отандастарымызды ақжолтай жаңалықпен құттықтады.

"Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы 1 қазандағы дерек бойынша Қазақстан халқының саны 19 967 964 адамға жеткенін хабарлаған еді.

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.