jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны қай өңірде дүниеге келген

Нәрестенің қолы
Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

14 қарашада Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Бес бірдей нәресте еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы ресми сайтында.

Бюро мәліметінше, Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған бес бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанғанын хабарлады. Олар Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Нәрестелердің үшеуі ұл, екеуі қыз бала.

Айта кетейік, 1991 жылы Қазақстанның халық саны 16,4 млн адамды құрады. Тәуелсіздік жылдарында ел халқы 22,3% өсті. Мәселен, 2022 жылы 1991 жылмен салыстырғанда туу саны 353,2 мыңнан 403,9 мың адамға дейін немесе 14,7% өсті.

Бала туудың ең жоғары мәні 2021 жылы тіркеліп, 446 мың баланы құрады. Табиғи өсімнің артуы, оның ішінде нәресте өлімінің азаюы нәтижесінде қамтамасыз етілді.

Орташа өмір сүру ұзақтығы 1991 жылмен салыстырғанда 2022 жылы 6,8 жылға өсті, бұл ретте ерлер арасында 7,7 жылға, әйелдерде – 6 жылға өсті. Осылайша, 2022 жылы Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 74,4 жылды құрады.

Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі деңгейден 1,3 жылға асады.

Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны қай өңірде дүниеге келген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.