Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор "ӨзенМұнайГаз" басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады

Опубликовано:

Костюмдегі ер адам
Ер адам. Көрнекі фото: Pixabay.com

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "ӨзенМұнайГаз" АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство ақпараты бойынша, тергеу барысында "ӨМГ" АҚ бас директорының орынбасары Б. Мамбетсапаевтың әрекеті іс жүзінде жұмыс істемейтін және негізсіз жалақы алған таныстарын жалған жұмысқа тарту арқылы қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану деп сараланды.

"ӨМГ" АҚ бас директорының тағы бір бұрынғы орынбасары Е. Карамурзаевқа ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша заңсыз тендер өткізу арқылы сатып алуға қатысқан басқа қатысушылардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, жекелеген компаниялардың мүддесін қорғады деген айып тағылды. Келтірілген шығып көлемі 623 млн теңге.

Сондай-ақ алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған 294 млн теңгені жымқырып, талан-таражға салған "ӨМГ" АҚ мұнай-газ өндіру басқармасы директоры мен жеткізушіге айып тағылды.

Антикор өкілі Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

ҚМА мәліметіне сүйенсек, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046019-antikor-ozenmunaigaz-bassylygyna-qatysty-sotqa-deiingi-tergeu-ayaqtalganyn-xabarlady/

pixel