Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қолын қайырған: Алматыда ер адам елдің көзінше балаға күш көрсеткен

Опубликовано:

Баланың қолын қайырып жатқан ер адам
Баланың қолын қайырып жатқан ер адам. Видеодан кадр: instagram.com/kris.p.shym

Әлеуметтік желіде ер адам аялдамада баланың қолын қайырып жатқаны түсірілген видео пайда болды. Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі болған жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Kris.p.shym Instagram парақшасында ер адам баланың қолын қайырып жатқаны түсірілген видео жарияланған. Видеодан аялдамада бұл жайтқа бейжай қарап тұрған тағы бір адамды көруге болады.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шара қолдану мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деді полицейлер.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде жекеменшік балабақшаға баратын бір жастағы бүлдіршіннің анасы тәрбиешінің үстінен полицияға шағымданғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046043-qolyn-qaiyrgan-almatyda-er-adam-el-kozinse-balaga-kus-korsetken/

pixel