Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенат депутаты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа баратындарды тіркеуге алуды ұсынды

Жарияланған күні:

Әйелге күш көрсетіп жатқан ер адам
Абьюзер. Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін палатаның жалпы отырысында сенат депутаты Жанна Асанова Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты пікір айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жанна Асанова премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында елдегі әйелдер мен балаларға көрсетілген зорлық-зомбылық деректерін мысалға келтіре отырып мұндай жағдайлардың жиілеп кеткенін атап өтті.

Депутаттың айтуынша, жаңалықтарда күн сайын зорлық-зомбылық пен қорлық көрсету туралы ақпарат таратылуда, ал уәкілетті тұлғалардың немқұрайлы көзқарасы мен сыбайлас жемқорлық бұл мәселені толық шешуге кедергі келтіруде.

Сенатордың сөзіне сенсек, отбасыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңның орындалуына қатаң бақылау жасау керек әрі гендерлік саясатты жетілдіріп, көпшілік алдында әйелдер мен балалардың құқығын жоққа шығарғандар жазалануға тиіс.

"Бізге әйел мен балаларды саудаға салатын немесе затқа қарағандай көзқарасты өзгерту аса маңызды. Қорғансыз қалған жандардың бәрі оларды мемлекет қорғап қана қоймай, зорлық-зомбылыққа жауап беретін әрі бірдей әріптестік құқықтарға баса назар аударылатын бүкіл әрекет жасалатынын білуі керек.

Әр азамат зорлық-зомбылықтың барлық құқықтық салдарын нақты білуі керек және жазадан құтылмайтынына күмәнданбауға тиіс. Құқық қорғау органдарының, сот инстанциясының қызметкерлеріне ерекше жауапкершілік жүктеледі. Қоғамда әділеттілік пен заңдылықтың салтанат құруына бағытталған өзгерістердің алдыңғы қатарында дәл солар болуы керек", – деді Жанна Асанова.

Жанна Асанова премьер-министрге жолдаған сауалында жағдайды ерте анықтап, оған араласу мақсатында алдын алу шараларын қарастыру қажеттігін, зорлық-зомбылық жасайтындарды міндетті түрде тіркеуге алу керектігін атап өтті.

"ІІМ-ді тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік жеке қызметін құру арқылы кеңейту ұсынылып отыр. Жалпыға бірдей қабылданған халықаралық стандарттар мен психологиялық нормаларды ескере отырып, құқық қорғау органдарының алғаш рет шағымданған зорлық-зомбылық құрбандарына арналған өзара іс-қимыл жасау нұсқаулығын заңнамалық тұрғыдан бекіту керек. Зорлықшыларды міндетті түрде тіркеуге алу, одан кейін мемлекеттік және күштік органдарға жұмысқа орналасуды шектей отырып, қару иелену құқықтарына шектеу енгізу маңызды", – деді ол.

Сондай-ақ сенатор білім беру, медицина және әлеуметтік қолдау саласындағы заңнаманың бірқатар нормасын өзгертуді ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046051-senat-deputaty-turmystyq-zorlyq-zombylyqqa-baratyndardy-tirkeuge-aludy-usyndy/