Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адамдар 245 млн теңгеден астам ақша салған": елордада қаржы пирамидасының басшылары сотталды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен "Antares" қаржылық пирамидасының екі жетекшісінің мүліктері тәркіленіп, олар 5 жыл 6 ай және 6 жыл 6 айға бас бостандығынанан айырылды, деп хабарлайды Астана прокуратурасы ресми сайтында.

Елордалық прокуратураның мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы барлық дәлелдемелерді ұсына отырып, сотталушылардың кінәсіздігі жөніндегі уәждерін жоққа шығарды.

"Кінәлілер "Instagram" және "Telegram" әлеуметтік желілері арқылы қысқа мерзімде ақша табу мүмкіндігін жарнамалап, салынған ақшаны жылдық 300 пайызға дейін көбейтуге уәде берген.

33 адам пирамидаға 245 млн теңгеден астам ақша салған", - делінген хабарламада.

Астана қаласының прокуратурасы жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылғанын, үкім күшіне енгенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046060-adamdar-245-mln-tengeden-astam-aqsa-salgan-elordada-qarzy-piramidasynyn-bassylary-sottaldy/

pixel