Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанған балалардың отбасына 2 млн теңгелік сертификат беріледі

Опубликовано:

нәресте
Нәресте. Көрнекі фото: pexels.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Отбасы банктің" басшысы Ләззат Ибрагимова 20 миллионыншы тұрғын атанған қазақстандықтар қандай жеңілдіктер алатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ләззат Ибрагимова бүгін мемлекет басшысы балалардың Ұлттық қордан қаражат алуын қамтамасыз ететін заңға қол қойғанын еске салды.

"Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі балаларға қаражат беріледі. Қаражат балалардың арнайы шотында жинақталады. Жоба 2024 жылдың қаңтарында басталады. Алғашқы ақша ақпан айында түседі. Бұл қаражатты тұрғын үй мәселесін шешуге жұмсауға болады немесе оқу ақысын төлей алады", - деді ол.

Оның айтуынша, "Отбасы банк" жобаның операторларының бірі болып саналады.

"Біз де тарихи оқиғаға үлес қосқымыз келеді: біз Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны болған азаматтарға 2 миллион теңгенің сертификатын бермекпіз - олардың саны 5-еу. Бұл сертификат - жай сыйлық емес, жарқын болашаққа жол. Болашақта өз үйін сатып алу мүмкіндігіне алғашқы үлес.

Сертификат алу үшін балалардың ата-аналары "Отбасы банктің" аймақтық филиалдарына немесе онлайн-банкинг арқылы бізге хабарласуы керек. Өзімен бірге туу туралы куәлік пен жеке куәлік болуы керек", - деді ол.

Оларға барлық процедура үшін үш ай уақыт беріледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша, аталмыш шараға бюджеттен қосымша төлем жасалмайды. Бұл төлемдердің барлығы заңда қарастырылған.

Ал денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев әкімдіктер атынан сыйлықтар (арбалар мен нәрестеге қажетті заттар салынған арнайы қорап) берілетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046065-qazaqstannyn-20-millionynsy-turgyny-atangan-balalardyn-otbasyna-2-mln-tengenin-sertifikaty-beriledi/

pixel