jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Облыс әкімі 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келген отбасын құттықтады

Балалы болған ерлі-зайыпты
Балалы болған ерлі-зайыпты. Фото: Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақмола облысында 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді. Бала Бурабай ауданында туған, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда халық саны 20 миллионға жетті. 20 миллионыншы нәресте Динара мен Айдар Исеновтар отбасында дүниеге келген. Облыс әкімінің айтуынша, Ақмола облысында 10 айда 9604 бала дүниеге келген.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов президенттің атынан нәрестелі болған отбасын құттықтады.

Марат Ахметжанов пен сәбилі болған ерлі-зайыпты
Марат Ахметжанов пен сәбилі болған ерлі-зайыпты. Фото: Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты еліміздің жиырма миллионыншы тұрғынының дүниеге келуімен құттықтады. Осынау атаулы оқиғаға біз де қуаныштымыз.

Еліміздің жиырма миллионыншы тұрғыны болып өмір есігін ашқан перзенттің Ақмола облысының ерекше бір көркем, көрікті, сұлу жері Бурабайда дүниеге келуі біз үшін тіпті ерекше сый! Ол қай жерде туса да – бұл бүкіл Қазақстан халқының қуанышы. Мемлекет денсаулық сақтау мен білімге көп көңіл бөледі, біздің балаларымыз жақсы білім мен медициналық көмек ала отырып, қолайлы ортада өсуі керек. Бұл Отанымыздың тұрақтылығы мен өркендеуінің жарқын айғағы", – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Қазақстанда 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді
Қазақстанда 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді. Фото: Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгінде ана мен сәби "Авиценна – Бурабай" ЖШС ана мен бала бөлімшесінде. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, әйелдің жүктілігі қалыпты болған, қазіргі таңда нәресте мен ананың жағдайы қанағаттанарлық.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі ақпараты бойынша, отағасы энергетика саласында қызмет атқарады екен.

"Біздің отбасымыз үшін бұл күтпеген және өте қуанышты күн! Бұл біздің екінші баламыз. Баршаңызға бейбіт ашық аспан тілеймін! Біз өз тарапымыздан балаларымыздың бақытты отбасында және бейбіт мемлекетте өсуіне ықпал етеміз", – деді отағасы Айдар Исенов.

Облыс әкімі 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келген отбасын құттықтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.