Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы прокуратурасы: "Artsport" бағдарламасын іске асыру кезінде бюджет қаражаты ұрланған

Опубликовано:

Әмиян мен ақша
Әмиян мен ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы прокурорлары "Artsport" бағдарламасы бойынша мемлекттік тапсырысты орындаушылардың бірінен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды қалалық прокуратура ресми сайтында.

Қалалық прокуратура мәліметі бойынша "Artsport" бағдарламасын жүзеге асыру кезінде, қаражатты ұрлау, бюджет тапшылығы және сапасыз қызметтер көрсету сияқты кемшіліктер болған.

"Футбол клубының директоры орындалған жұмыс актілеріне байланысты жалған мәлімет енгізген. Бұл факт бойынша 30 мамырда аудан прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша клуб директорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен мемлекеттік тапсырысты орындаушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар Алматы қаласының прокуратурасы спорт клубтары мен мәдени үйірмелердің салық заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізген.

Кей орындаушылар "Артспорт" жұмыс істеп тұрған кезеңде ҚҚС салығын төлемеген.

Прокуратура мемлекеттік кірістер департаментіне қадағалау актісін енгізген. Нәтижесінде мемлекеттік тапсырысты орындаушылар 25 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл төлеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046133-almaty-prokuraturasy-artsport-bagdarlamasyn-iske-asyru-kezinde-byudzet-qarazaty-urlangan/

pixel