Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысындағы кен орнында мұнай төгілді

Опубликовано:

Мұнай құбыры
Мұнай құбыры. Көрнекі фото: Antoine Gyori / AGP / Corbis / Getty Images

Атырау облысында 12 қарашада "Теңізшевройл" кәсіпорнының кен орнында мұнай төгілді, бірақ бұл туралы кеше ғана белгілі болды, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Басылым мәліметінше, мұнайдың төгілуі ТШО-ға тиесілі мұнай резервуарлары паркі мен КТЖ (кешенді технологиялық желілер) газ өңдеу зауыты арасындағы жерасты желісінде болған.

Төгілген мұнай көлемі шамамен 50 текше метр болды - бұл бір вагон.

Бұл ақпаратты "Теңізшевройл" компаниясының өкілдері растады.

"12 қарашада Теңіз кен орнында мұнай төгілуі анықталып, "Теңізшевройл" АҚ (ТШО) жедел тобы оны оқшаулау үшін шұғыл әрекет етті. Қазіргі уақытта қауіпсіздік шаралары мен ережелеріне сәйкес жою жұмыстары жүргізілуде.

"Барлық тиісті органға міндетті түрде хабарланды. ТШО-ның өндірістік қызметі қалыпты түрде жалғасуда" - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша Атырау облыстық экология департаментінен ақпарат алу мүмкін болмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046185-atyrau-oblysyndagy-ken-ornynda-munai-togildi/

pixel