Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы мерзімді қызметтегі сарбаздың өлімі: сот алқасы кінәлінің жазасын қатаңдатты

Опубликовано:

Сарбаз
Сарбаз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы шекара заставасының сержанты Н.-ға қатысты күш қолдану арқылы қорқытып алу және билікті асыра пайдалану баптарымен айыпталған үкімнің күшін жойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның Әскери сотының сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысындағы "Шөлдала" заставасында болған оқиғада күдікті Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы және 451-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған. Сондай-ақ оған әскери қызметші Б.- ны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізді деген айып тағылған (ҚР ҚК-нің 451-бабының 2-бөлігі және 105-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы).

Шымкент гарнизонының әскери сотының үкімімен сержант Н. Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігінің 1-тармағындағы және 451-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылып 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырған, ал 105-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы және 451-баптың 2-бөлігімен кінәсіз деп танылып, ақталған.

"Сот сотталушы Н. шекара заставасында келісімшарт бойынша мобильді топтың басшысы ретінде қызмет атқарғаны анықталды. 2022 жылдың тамызында ол (сотталушы Н.,) әскери қызметшілер Қарулы күштердің жарғысын бұзып, нарядтағы бекеттерді өз еріктерімен ауыстырғанын анықтаған. Осы себепті пайдалана отырып, сотталушы Н. қатардағы жауынгер Қ.-дан ақша қаражатын бопсалап, өзінің банктік шотына аударуын талап еткен. Сонымен қатар, сотталушы Н. шекара заставасының аумағында алкогольдік ішімдіктер ішкен әскери қызметшілер Б., К., А.-ны көріп, өзінің қызметтік өкілетін асыра пайдаланып, оларға дене жарақаттарын келтірген", - делінген сот хабарында.

Кейін сотталушы Н. жоғарыда аталған жағдайды пайдаланып, жүйелі және негізсіз түрде әскери қызметші Б.-ның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау арқылы соңғыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелерді қарап тексерумен, оның ішінде банктік шоттан үзінді көшірмесімен, шекара заставасынан алынған бейнежазбамен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен өз дәлелін тапқан.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының үкімімен әскери қызметші Н. Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлімнің 1-тармағындағы және 451-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, 18 жастағы мерзімді қызметтегі сарбаз 2022 жылдың тамыз айында Жамбыл облысында өз-өзіне қол жұмсаған. Тергеуде өз-өзіне қол жұмсаудың себептерінің бірі ретінде сарбазға жыныстық зорлық-зомбылық жасалған деген нұсқаны қарастырылған. 2023 жылдың қаңтарында ұсталған адамның адвокаты Сержан Пірәлиев баспасөз мәслихатын өткізіп, онда жүргізілген биологиялық сараптаманың нәтижелерін айтып берген. Алайда оның бұл әрекеті кәсіби этикаға жатпайтыны айтылып, тексеріс басталған.

Бас прокуратура биылғы ақпан айында әскери қызметкерді билікті асыра пайдалану арқылы өзіне-өзі қол жұмсау дерегі бойынша оның сол заставада қызмет ететін қызметтесі күдікті деп танылғанын хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046186-zambyl-oblysyndagy-merzimdi-qyzmettegi-sarbazdyn-olimi-sot-alqasy-kinalinin-zazasyn-qatandatty/

pixel