Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандар соғымды тұздамауға кеңес берді

Опубликовано:

Ет турап жатқан ер адам
Ет. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мамандар етті тұздау өнімнің пайдалы әсерін төмендетіп жібереді дейді. Сондай-ақ тұзды тағам жүрек-қан тамырлары, бүйрек ауруына әкелуі мүмкін, деп жазады "Халық үні" басылымы.

Басылымның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйеніп жазуынша, ересектер күнделікті тамақтану кезінде астың құрамындағы тұз мөлшерін тәулігіне 5 грамнан асырмау керек. Ал балалар үшін одан да төмен.

Қазақстанда тұрғындар тәулігіне шамамен 17 грамм тұз тұтынады екен.

Ұлттық салауатты тамақтану орталығының атқарушы директоры Ақкүміс Салханова тұзды көп тұтыну жүрек-қан тамырлары жүйесіне қауіпті, ол түрлі ауруға әкелуі мүмкін екенін айтты. Онсыз да Қазақстанда дәл осы жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім ішінде бірінші орында тұр. Сонымен қатар бүйрек жұмысына да кері әсер етеді.

Ақкүміс Салханова тұзды шамадан тыс жеуді азайтып, соғым жеу тәртібіне де мұқият болу керек дегенді қатаң ескертеді.

Оның сөзінше, жылқы еті - құрамында көп қанықпаған май қышқылдары бар қызыл ет. Жылқы етінде балық майында кездесетін және дәрігерлер ұсынатын нағыз пайдалы майлар бар. Сол үшін де ол диеталық терапияда қолданылады және денсаулыққа өте пайдалы.

"Ал қазақтар қыс бойы соғым жейді. Сол кезде етті тым қатты тұздап қойғандықтан, ол өнімнің пайдалы әсерін төмендетіп жібереді. Қазақтар бұрындары тоңазытқыш, мұздатқыш болмағандықтан етті тұздаған. Жерге көміп немесе ыстап қоятын болған. Өйткені етті көктемге дейін сақтау керек болды. Қазір оның қажеті жоқ қой, ең дұрысы тұздамай-ақ, мұздатқышқа салып қою керек. Енді кей қазақ еттің тұзды болғанын, сүрленгенін қалайды. Бірақ соншалық фанатизмге беріліп кетудің қажеті жоқ, - дейді Ақкүміс Салханова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046199-mamandar-sogymdy-tuzdamauga-kenes-berdi/

pixel