Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нан алуға шыққан: Сәтбаев тұрғынының басына ернеу сынығы түскен

Опубликовано:

Тозығы жеткен тұрғын үй
Оқиға болған жер. Видеодан кадр: youtube.com/@AlmatyTVNews

Ұлытау облысындағы Сәтбаев қаласында бес қабатты үйдің ернеу сынығы әйелдің басына түскен. Тұрғындардың айтуынша, үйдің әлдеқашан тозығы жеткен, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Ғимараттың сынған бөлігі басына түскен әйел шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Телеарнаның хабарына сенсек, оқиға кезінде ол дүкенге нан сатып алуға бара жатқан.

"Құлаған ауыр бөліктерден екі жарақат алдым. Басымда 10 сантиметр және 4 сантиметр екі жара бар. Екінші күн болды төсек тартып жатқаныма. Еңбекке жарамсыздық анықтамасын ашып, емделуді жалғастырамын", - дейді зардап шеккен әйел.

Жергілікті тұрғындар бес қабатты ғимарат біраздан бері апат жағдайында тұрғанын, жөндеу керегін айтады.

Оқиға болған жер қазір қоршалған. Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бүгінде Сәтбаевта 19 үй апатты, 6 үй апат алдындағы жағдайда, ал 251 ғимарат тозығы жеткен деп танылған.

“Тұрғын бізбен жеке байланысқан жоқ, біз дөңгелек үстел өткіздік. Қызмет көрсететін "Сүйікті қала" мекемесі барлығынан хабардар. Оларға заң бойынша не істеу керек, халықпен қалай жұмыс істеу керек, мұндай жағдайда не істеу керек екенін түсіндірдік. Өйткені тұрғындар техникалық қызмет көрсету ақысын төлеп жүр", - деді тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Жадыра Сейілова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046224-nan-aluga-syqqan-satbaev-turgynynyn-basyna-erneu-synygy-tusken/

pixel