Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пирамидаға 200 салымшы тартып, 700 млн теңге залал келтірген": Шымкентте тергеу аяқталды

Опубликовано:

Ақша санап отырған адам
Ақша санап отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Chia Tai Tianging қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімше басшысына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды агенттік Telegram-дағы ресми арнасында.

Құзырлы орган мәлеметінше, Шымкент қаласының тұрғыны 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың сәуірі аралығында аталған қаржы пирамиданың қаладағы филиалын басқарғаны анықталды.

"Ол 700 млн теңгеге материалдық залал келтіре отырып, екі жүзден астам салымшы тартқан.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды және іс сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Агенттік қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін еске салды.

"Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз. Компанияларды қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғына "Baiqa, piramida!" телеграмм боты арқылы тексере аласыз", - деп ескертті ҚМА-дағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046225-piramidaga-200-salymsy-tartyp-700-mln-tenge-zalal-keltirgen-symkenttik-kudikti-turaly-zana-derek-syqty/

pixel