Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жиһаз қоймасынан өрт шықты (видео)

Опубликовано:

Өрт сөндіру жұмыстары
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/almaty_tjd

Алматының Түрксіб ауданында қоймалардың бірінен өрт шықты. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, 17 қарашада Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Түрксіб ауданы Бекмаханов көшесі, 2/16 үй мекенжайы бойынша жоғары дәрежедегі шақырту түскен.

Алдын ала болжам бойынша, өрт жиһаз қоймасында шыққан. Көршілес қойма үй-жайларын сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары енгізіліп, өрт гидранттарына автоцистерналар қойылды.

Өрт сағат 09:52 оқшауланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046230-almatyda-zihaz-qoimasynan-ort-syqty-video/

pixel