Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 4,5 жылда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қанша әйел құрбан болды

Опубликовано:

Зорлық-зомбылық
Тұрмыстық жанжал. Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Кейінгі 4,5 жылда 800-ден аса әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болып, денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 2086 дерегі тіркелген. Бұл жағдайға ұшырағандарға арналған "111" шұғыл бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Кейінгі үш айдың өзінде отбасы мүшелеріне зорлық-зомбылық көрсеткендер саны 4 есе артқан. Олардың 27 мыңы жазаланып, 6 мыңнан астам адам қамуға алынған. Бүгінде елде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қол ұшын созатын 70-ке жуық орталық ашылған. Оның 19-ы жәбірленушіні уақытша баспанамен қамтамасыз етеді. Онда психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетеді.

Таяуда ғана Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында дәл осы мәселе көтерілді. Комиссия мүшелері Қылмыстық кодекске "тұрмыстық зорлық" деген жеке бап енгізуді ұсынды.

"Арнайы бөлек осындай бап болатын болса, онда қылмыстық кодекстегі барлық қылмысты қарастыратын баптар соның ішіне кіруі керек. Мысалы ауыр дене жарақатын не болмаса орта дене жарақатын келтіру не өлім, өлімге жеткізу – осы баптың бәрі онда соның ішінде қамтылуы керек. Қылмысқа баратын адамдар "ертең маған ештеңе болмайды, мен үшін заңда қатаң шаралар көзделмеген" деп, бұл да бір себебі болуы мүмкін", - дейді президент жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Салтанат Тұрсынбекова.

Енді отбасы мүшелеріне күш көрсетіп, денсаулыққа түрлі деңгейдегі жарақат келтіргендер 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Яғни жазалау мерзімі екі есе ұлғайды. Сондай-ақ әкімшілік шара ретінде 5 тәулікке қамау жазасы қарастырылған. Ал оқиға қайталанса, бұл мерзім 20 тәулікке дейін артады.

"Өзгертулердің заңды күшіне енген 4 айдың ішінде оның алдындағы 4 аймен салыстырғанда 5 есеге әкімшілік жауапкершілікке тарту көбейді. Яғни біз 1 шілдеге дейін жәбірленушілер арызды жазуынан бас тартуына байланысты 60 пайыз құқық бұзушы ешқандай жауапкершілікке тартылмай, жазасыз қалып келген болса, бүгінгі күні 92 пайыз құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершіліккке тартып, тиісті жазаларын сот беріп жатыр" - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.

Мамандардың айтуынша, заң қатаңдағанымен, мәселе шешіле қоймайды. Психолог Орынгүл Жақсыбаева: "әке-шеше бірінші өзінің қарым-қатынасын жөндеп, маманға баруы керек", - дейді.

Ал әкелер одағы бірлестігі өкілі Мақсұтбек Айтмағанбетов қоғамда профилиактикалық шараларды күшейтіп, мектепте ер балалардың тәртібіне көңіл бөлу керек деген пікірде.

"Бұл жерде профилактика жұмысы болу керек, біріншіден. Екіншіден, мұны қоғамға айта жүру керек, түсіндіру керек: не үшін болып жатыр, қалай болып жатыр. Әрине бұл тәрбие жұмыстарын бүкіл ел болып қолға алу керек. Қанша жағдайларда ер адамның қолынан таяқ жеп жатыр, қайтыс болып жатыр. Сондықтан ер балалардың тәрбиесіне үлкен мән беруіміз керек", - деді "Әкелер одағы" республикалық ҚБ төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046258-qazaqstanda-45-zylda-turmystyq-zorlyq-zombylyqtan-qansa-aiel-qurban-boldy/

pixel