Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Есірткі қылмысы үшін халықаралық іздеуде болған күдікті Қазақстанға жеткізілді

Опубликовано:

Есірткі қылмысына күдікті қазақстандық
Есірткі қылмысына күдікті қазақстандық. Фото: polisia.kz

Есірткіні ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз өсіргені және сақтағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігінің Интерпол ҰҚО-ның сұрауы бойынша Түркия аумағында 52 жастағы қазақстандық ұсталды.

Оған қатысты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті тұтқындау және экстрадициялау мақсатында халықаралық іздестіру жариялаған болатын.

Күдікті жалпы салмағы 18 келі болатын марихуананың 96 бұтасын өсіргені, сондай-ақ оларды Орал қаласының аумағында одан әрі өткізу мақсатында сақтағаны үшін іздестірілген.

"Түркия билігі құқық бұзушыны Астанаға жеткізу жұмыстарын ұйымдастырды. Ол елге жеткізіліп, қамауға алынды", - делінген полиция хабарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046262-esirtki-qylmysy-usin-xalyqaralyq-izdeude-bolgan-kudikti-qazaqstanga-zetkizildi/

pixel