Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жаттықтырушының көмекшісі қызды таяқпен ұрды деп айыпталды

Опубликовано:

жылап тұрған қыз
Жылап тұрған қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Ақтауда жаттықтырушының көмекшісі қызды таяқпен ұрды деген ақпарат пайда болды. Бұл жайтқа байланысты Маңғыстау облысының ПД пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне берген мәлімет бойынша, бұл оқиға 9 қарашада Ақтаудағы "Меловая" спорт кешенінде болған.

"12 жастағы қыздың анасы Ақтау қалалық полиция бөліміне арыз жазды. Сол бойынша сараптама тағайындалды.

Аталған факт бойынша ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі (Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді Маңғыстау облысының полиция департаменті.

Айта кетейік, ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-бөлігіне сәйкес, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (34 500 теңге) салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046285-aqtauda-zattyqtyrusynyn-komeksisi-qyzdy-tayaqpen-urdy-dep-aiyptaldy/

pixel