Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ильин, Елеусінов, Смағұлов бастаған бір топ ер адам тұрмыстық зорлыққа қарсы челлендж бастады

Жарияланған күні:

Қоғам белсенділері зорлық-зомбылыққа байланысты үндеу жасады
Қоғам белсенділері. Видеодан кадр: youtube.com/@rakhimoshakbayev

Желіде зорлық-зомбылыққа байланысты үндеу жасаған қазақстандық қоғам белсенділерінің видеосы пайда болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін, 17 қарашада журналист Рахым Ошақбаев Instagram парақшасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты спорт, журналистика, кәсіпкерлік, құқық қорғау және т.б. сала өкілдерінің, блогерлердің үндеуін жариялады.

"Біз, Қазақстан ерлері, қоғамдағы зорлық-зомбылық пен құқықтық нигилизмнің жоғарылауына алаңдаушылық білдіреміз.

Салтанат Нүкенованың күйеуі - бұрынғы министр бойжеткенді миға қонымсыз қатыгездікпен өлтіруі резонанс тудырды. Қайғылы жайт Қазақстандағы қоғамның барлық санатында отбасылық зорлық-зомбылықтың көрсеткіші күрт көтеріліп, жүйелі проблема барын тағы дәлелдеді", – деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Бұл ретте қоғам белсенділері 2024 жылдың соңына дейін "Зорлық-зомбылыққа қарсымыз" атты челленджін бастады.

Журналист бұл челлендж кемінде бір жыл ішінде еліміздегі жалпы зорлық-зомбылық көрсеткішін төмендетуге бағытталғанын атап өтті.

"Отбасыдағы зорлық-зомбылықты криминализациялауды әрі қоғамымыз үшін осы ұятты құбылыстың алдын алу жүйесін реформалауды қолдаймыз. Нағыз еркектің ар-намысы мен абыройы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетуден өспейді. Нағыз ер адам отбасын, достарын қорғауы керек, оларды қасіретке ұшыратпауы керек. Зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілікті, әсіресе әлсіз және қорғана алмайтындарға күш қолданбауын ерлерге бала кезінен үйрету керек", – деді ол.

Оған қоса бұрынғы КВН ойыншысы Малик Хасеновтың пайымдауынша, қазақстандық ерлер "әйелге қол көтерген ер адаммен амандасып, оның қолын алмайтындай позицияда болуы керек".

Видео авторының айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық іс санатына жатқызу туралы петицияға қысқа уақыттың ішінде 125 мыңнан астам адам қол қойған.

Сондай-ақ қоғам белсенділері қазақстандықтарды адамның жеке басына нұқсан келтірмеу, ар-ожданына құрметпен қарау идеясы төңірегінде жұмылуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046293-ilin-eleusinov-smagulov-bastagan-bir-top-er-adam-turmystyq-zorlyqqa-qarsy-cellendz-bastady/