jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

СІМ: Газа секторындағы қазақстандықтар елге оралды

Газа секторынан елге оралған қазақстандықтар
Елге оралған қазақстандықтар. Фото: t.me/pressmfakz

Бүгін, қарашаның 17-сі Газа секторындағы қазақстандықтар мен отбасы мүшелері Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасы.

СІМ ақпараты бойынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Сыртқы істер министрлігі Газа секторындағы қазақстандықтарды эвакуациялауды жүзеге асырды.

Бүгін арнайы эвакуациялық бортпен 99 жолаушы – Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері Алматы қаласына аман-есен ұшып келді.

Әуежайдағы барлық міндетті рәсімдерден өткеннен кейін эвакуацияланған азаматтарға уақытша баспана беріліп, оларға қажетті құқықтық, медициналық және өзге де көмек көрсетілуде.

Қазақстанның Израильдегі, Иорданиядағы және Мысырдағы елшіліктері осы елдердегі уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесінде шетелдегі қазақстандықтар аман-есен эвакуацияланып, елге оралды.

Таяу Шығыс өңірінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылығымен келіссөздер қорытындысы бойынша, СІМ азаматтарымызды қауіпсіз әрі еш кедергісіз Газа секторынан шығарып ала алған.

Қазақстандық дипломаттар қақтығыс аймағында қалып қойған Қазақстан азаматтарына көмек көрсету және эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

СІМ: Газа секторындағы қазақстандықтар елге оралды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.