Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы ТЖ министрінің ұлы "Самұрық-Қазына" компанияларының бірінің басшысы болды

Опубликовано:

Игорь Ильин
Игорь Ильин. Фото: instagram.com/petro_council

Игорь Ильин Karabatan Utility Solutions компаниясы бастығы болды - компания "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамына қарасты компаниялардың бірі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қор баспасөз қызметі ақпараты бойынша, Karabatan Utility Solutions ЖШС 2014 жылы құрылған, ол Samruk-Kazyna Ondeu ЖШС еншілес кәсіпорны.

Ал Samruk-Kazyna Ondeu компаниясы баспасөз қызметі Karabatan Utility Solutions ЖШС бас директоры болып Игорь Ильиннің тағайындалғаны туралы ақпаратты растады.

Petrocouncil.kz үкіметтік емес ұйымының Instagram парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Игорь Ильин Төтенше жағдайлар экс-министрі Юрий Ильиннің ұлы.

Ол Қазақ-Британ техникалық университетін (ҚБТУ) бітірген. Әр жылдары "Қазақ мұнай, газ институты ғылыми-зерттеу орталығы" ЖШС бас директоры, сондай-ақ Aventis group жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істеген.

2020 жылдан бастап "Самұрық-Энерго" АҚ сауда үйінің басшысы, кейін "Самұрық-Энерго" АҚ дамыту және сату жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарды.

Автоматтандырылған басқару жүйесін енгізуде әрі электр энергетикасы саласында инновациялық жобаларды дамытуда тәжірибесі бар.

Еске салайық, Юрий Ильин биыл маусымда Абай облысындағы қайғылы оқиғадан кейін Төтенше жағдайлар министрлігі басшысы қызметінен босатылған еді.

Юрий Ильин бұл қызметті 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап атқарды. Өткен жылдың қаңтары мен 2023 жылғы сәуірде Төтенше жағдайлар министрі болып қайта тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046341-buryngy-tz-ministrinin-uly-samuryq-qazyna-kompaniyalarynyn-birinin-bassysy-boldy/

pixel