Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда бірнеше күн бұрын жоғалған бойжеткен табылды

Опубликовано:

Атырауда жоғалған бойжеткен табылды
Атырауда жоғалған бойжеткен табылды. Фото: instagram.com/atyrau_tjd

Бүгін, қарашаның 17-сі атыраулық құтқарушылар сейсенбіде жоғалған бойжеткенді қараусыз қалған қорадан тапты, деп хабарлайды Атырау Төтенше жағдайлар департаменті ресми Instagram парақшасында.

Ведомство ақпараты бойынша, бүгін сағат 10:20-да құтқарушылар Атырау қаласында жоғалған бойжеткенді аман-есен тапты.

Қ.А есімді 2003 жылы туған бойжеткен қарашаның 14-і сағат 21:50-де үйінен белгісіз бағытқа шығып, бүгінге дейін оралмаған.

16 қарашада жоғалған бойжеткеннің туыстары Атырау облысы ТЖД-дан іздестіру жұмыстарын жүргізуге көмек сұрап, өтініш берді. Құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу кіріскен.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдары 2 күн бойы жоғалған бойжеткенді Жайық өзені жағалауынан, далалық жерлерден кинологиялық есептің көмегімен іздестірген болатын.

"Іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижелі аяқталып, бүгін, 17 қарашада сағат 10:20-да Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Нуров Руслан, Рахимов Нұржан, Бүркітбаев Жарқынбек, Тампиев Ерболат, Жұмашбаев Бисен, Джумагазиев Мұрат Жұмыскер ы/а орналасқан қараусыз қалған қорадан жоғалған бойжеткенді аман-есен тауып, ПД қызметкерлеріне тапсырды", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері жоғалу себебі анықталып жатқанын айтты.

Сондай-ақ ведомство баспасөз қызметі іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД 5 қызметкері мен 1 кинологиялық есеп, 1 техника жұмылдырылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046350-atyrauda-birnese-kun-buryn-zogalgan-boizetken-tabyldy/

pixel