Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қария жансақтау бөлімінде": Атырауда екі қабатты үйден өрт шықты

Опубликовано:

Өрт сөндіру сәті
Оқиға орны. Фото: ТЖМ

17 қарашада Атырау қаласында жалпы ауданы 260 шаршы метрді құрайтын екі қабатты тұрғын үй өртенді. Өрттен зардап шеккен 81 жастағы қария жансақтау бөліміне жатқызылған, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство мәліметінше, 17 қарашада сағат 15:10 Атырау қаласы, Байтақ ықшам ауданында орналасқан 2 қабатты жеке тұрғын үйлердің бірінде түтін шыққаны туралы шақырту түсті.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу шақырту орнына жетіп, екі қабатты тұрғын үйдің жануын анықтады.

"Өрт сөндіру кезекшілік қызметінің жедел кезекшісә азаматтық қорғау майоры Нұрлыбек Жұмабиденұлы Қатапов кезекшіліктен тыс уақытта өрт шыққан үйдің маңынан өтіп бара жатып, өртті байқап, дереу өрт шарпыған үйге кірген. Нәтижесінде өрт ошағында қалған 81 жастағы қарт әжені көтеріп, далаға қауіпсіз жерге шығарып, жедел – жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. 81 жастағы қария өрт салдарынан 3 дәрежелі күйік алғандығы анықталды. Қазіргі уақытта жан сақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлердің бақылауында"

Атырау облысы ТЖД 20 қызметкері мен 4 бірлік техникасы оқиға орнында өртті сөндіруге жұмылдырылды. Өрт 15:34 сағатта оқшауланып, 16:29 сағатта толықтай жойылды.

ТЖМ өрттің шығу себептері анықталып жатқанын мәлімдеді.

Атырау облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046370-qariya-zansaqtau-boliminde-atyrauda-eki-qabatty-uiden-ort-syqty/

pixel