Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы зорлық оқиғалары: балалар омбудсмені пікір білдірді

Жарияланған күні:

Балалар ойыншығы
Балалар ойыншығы. Иллюстрация: pexels.com

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Алматы облысындағы зорлық оқиғалары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZNUR.KZ тілшісі. Зәкиева бұл туралы Instagram-парақшасында жазды.

Оның айтуынша, тергеу шаралары басталған.

"Қонаев қ. болған кәмелетке толмаған баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысқа қатысты. Қыз баланың туыстарымен байланыстамын, баламен психологтар жұмыс істей бастайды деп келістік. Тергеу шаралары жүріп жатыр", - деп жазды Зәкиева.

Сонымен қатар, ол Қарасай ауданында болған тағы бір оқиға туралы пікір білдірді. Зәкиева қыздың анасымен байланысты екенін және оған да психологиялық көмек ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Мұнда да тергеу басталған.

Еске салайық, таяуда "Немолчиkz" қорының өкілдері Қонаев қаласында екі полиция қызметкері 14 жастағы оқушыны зорлады деген күдікке ілінгенін хабарлаған. Облыстық ПД айыпталушылар қамауға алынғанын айтты. Жақын арада Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу аяқталады.

Қордың ақпараты бойынша, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша екі қылмыстық іс тіркелген. Осы баптың 3-1-бөлігінің 1-тармағына сәйкес, кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған зорлау белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046487-almaty-oblysyndagy-zorlyq-oqigalary-balalar-ombudsmeni-pikir-bildirdi/