jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Маңғыстау облысында білім бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Күдікті
Кісен салу. Көрнекі фото: Mario Tama/Getty Images

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында жемқорлық фактілерін анықтады, деп хабарлайды Антикор Telegram-дағы ресми арнасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық департаменті жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижелері бойынша Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысының пара алу фактісін әшкереледі.

"Ол аз қамтылған отбасылардан шыққан отбасыларға тамақтандыру қызметтерін көрсету бойынша жасалған шарттар шеңберінде орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны, ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша күдіктелуде", - деп хабарлады Антикордан.

Құзырлы орган сот санкциясымен күдікті қамауда ұсталатынын, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.

Антикор Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын, Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелетінін мәлімдеді.

Маңғыстау облысында білім бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.