Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарумен қорқытқан": ШҚО-да бопсалаумен айналысты деген күдікті ұсталды (видео)

Опубликовано:

Тапанша
Тәркіленген қару. Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан обылсында ҰҚҚКБ қызметкерлері облыс орталығы тұрғынының қылмыстық әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

21 жастағы ер адамнан 100 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатты бопсалау фактісі анықталған.

"Хабарлама келіп түскеннен кейін полицейлер дереу тексеруге кірісті. Барлық жедел-іздестіру іс-шара кешенін өткізгеннен кейін, ақшалай қаражатты алу кезінде Назарбаев даңғылындағы аулалардың бірінде қылмыс жасаған 20 жастағы күдікті ұсталды. Оқиға орнында тәртіп сақшылары оның заңсыз әрекетін растайтын заттай айғақтар және ақша тәркіледі", - деп жазды басылым.

Медиа-портал өкілдерінің мәліметінше, бопсалаушы жәбірленушімен бірнеше рет кездесіп, күш көрсетіп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ақша аударуын талап еткен және оның жеке куәлігін алып кеткені белгілі болды.

Кейіннен жедел уәкілдер қаруды жігіттің туыстарының бірінен тәркілеген.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясымен 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046655-qarumen-qorqytqan-sqo-da-bopsalaumen-ainalysty-degen-kudikti-ustaldy-video/

pixel