Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда неке қиғандардың саны артты

Опубликовано:

Қол ұстасқан жұп
Қол ұстасқан жұп. Көрнекі фото: pexels.com

Кейінгі жылдары елімізде неке қиған азаматтардың саны артты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы ресми сайты хабарлады.

Ұлттық статистика бюросы баспасөз қызметі хабары бойынша, неке құрған ерлер мен әйелдердің саны 2009 жылдан (6,6 миллионнан) 2021 жылға (8,2 миллионға) дейін өскен.

"2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша халықтың 60,9 пайызы некеде болған, осылайша некеде тұрған азаматтардың саны 8,2 млн адамға жетті. Оның ішінде 9 пайызы – қайта неке құрғандар. Жалпы халықтың 28 пайызы – ешқашан үйленбеген, 5,3 пайызы – жесір, ал қалған 5,8 пайызы – ажырасқандар", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ сарапшылар көрсеткіштерге сәйкес, қай елді мекендер қазақстандықтар үшін көші-қонға қолайлы екенін айтты.

"Ішкі көші-қон көлемі 2009 жылы 2,3 млн адамнан 2021 жылы 2,6 млн адамға дейін ұлғайды. Қазақстандықтар Алматы қаласына (357,9 мың адам), Алматы облысына (286,1 мың адам) және Астана қаласына (283,5 мың адам) көп қоныс аударған.

Қызылорда және Атырау облыстарына халықтың ең аз саны – тиісінше 72,9 мың және 72,5 мың адам көшіп барған", – деп жазылған Ұлттық статистика бюросы ресми сайтында.

Бұл ретте Бюро өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтар Маңғыстау облысынан өз елді мекенінен аса көшпеген - небәрі 71,8 мың адам басқа өңірлерге қоныс аударған, ал Алматы облысынан керісінше, тұрғындар көбірек көшкен – бұл көрсеткіш 307,8 мың адамға жеткен.

Оған қоса сарапшылардың айтуынша, елімізде үй шаруашылығының саны артқан (27,9).

"Санақ нәтижелері үй шаруашылықтары саны 27,9% өскенін көрсетті – 2009 жылғы 4,3 млн бірліктен 2021 жылы 5,6 млн бірлікке дейін. Қалалық жерлерде үй шаруашылықтарының саны – 3,7 млн (66,4 пайыз), ауылдық жерлерде – 1,8 млн (33,6 пайыз) бірлігі есепке алынды.

Қазақстан бойынша үй шаруашылықтарының орташа мөлшері 3,4 адамды құрады. Бұл ретте, ауылдық жерлердегі үй шаруашылықтарының орташа мөлшері қалалық жерлерге қарағанда артық, тиісінше 3,9 және 3,1 адамнан. Үй шаруашылықтарының ең жоғары орташа мөлшері Маңғыстау, Атырау, Қызылорда және Түркістан облыстарында байқалды – 4,3-тен 5,2 адамға дейін", – деп жазады Ұлттық статистика бюросы хабарламасында.

Бюро өкілдері үй шаруашылығы – бір тұрғын үй кеңістігінде бірге тұратын, тұрмыстық қажеттіліктерді толық немесе ішінара бөлісетін адамдар тобы екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046676-qazaqstanda-neke-qigandardyn-sany-artty/

pixel