Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лаура Мырзағалиға қатысты қызметтік тексеру басталды

Опубликовано:

Лаура Мырзағали
Лаура Мырзағали. Фото: Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы

Лаура Мырзағали Талғар орталық аудандық ауруханасының медициналық директоры қызметінен босатылды. Оған қатысты қызметтік тексеру басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұл шешім жергілікті қолжетімді әлеуметтік желі парақшаларында жарияланған дәлелдер мен материалдар негізінде қабылданды. Қызметтен шеттеу мақсаты – Талғар орталық аудандық ауруханасының медицина қызметкерлеріне қатысты заңсыз әрекеттерді тергеу бойынша бейтараптылықты қамтамасыз ету.

Қызметтік тергеу жүргізу үшін құрылған комиссия ұсынылған фактілер мен мән-жайды талдайды. Басқарушы компания тергеу барысында жан-жақтылық пен әділдік қағидаттарының сақталуына кепілдік береді", – делінген Талғар орталық аудандық ауруханасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Талғар орталық аудандық ауруханасының баспасөз қызметінің өкілдері медициналық мекеме қызметкерлерін тергеу аяқталмағанша ақпарат бермеуге шақырды. Айта кетейік, Лаура Мырзағали нақты қандай себеппен тексеріліп жатқаны айтылмаған. Ауруханадан жұмыстан босатылғанда да оның нақты қандай әрекеттері "теріс қылық" деп танылғаны айтылмайды.

Еске салайық, 2022 жылы Лаура Мырзағали Алматы қаласы Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімімен мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін теріс қылығы үшін қызметінен босатылған еді.

Кейін Мырзағали Алматыдағы емханалардың біріне бас дәрігер болып тағайындалады деген ақпарат шыққан болатын, алайда әкімдік өкілдері бұл қауесетті жоққа шығарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046687-laura-myrzagaliga-qatysty-qyzmettik-tekseru-bastaldy/

pixel