Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық полиция қызметтің күшейтілген режиміне көшті

Опубликовано:

Патрульдік полиция
Патрульдік полиция. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қараша айының соңғы он күндігінде полиция қызметкерлері қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа жариялаған мәлімет бойынша, саяжайларда, құрылыс объектілерінде, базарларда, шаруа қожалықтарда, жалдамалы пәтерлерде, шалғай жерлерде тексеру жүргізіледі.

Алкогольді ішімдік ішу, қоғамдық орындарда мас күйде жүру, белгіленбеген жерлерде темекі шегу, ұсақ бұзақылық жасау, ортақ пайдалану орындарын ластау, тыныштықты бұзу, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол беру сынды құқық бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілік” қағидаты қолданылады.

"Қорғау нұсқамасы шығарылған, мінез-құлқына ерекше талаптар қойылған, ІІО есебіне алынған адамдар, маскүнемдер, нашақорлар, қолайсыз отбасылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша рейдтер жүргізіледі. Сонымен қатар жол жүрісі қозғалысы мәселесіне бақылау күшейтілді", - делінген хабарламада.

Стихиялық қоқыс орындарын және олардың шығу көздерін анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Іс-шара жергілікті атқарушы органдармен, Amanat партиясының өңірлік филиалдарымен, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар қозғалыстарының және БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимыл аясында өткізілетіні айтылады.

Операцияның негізгі бағыты – қоғамдық тәртіпті сақтауды және көшелердегі профилактиканы күшейту. 

"Әр қызметкер заң атынан нақты әрекет етуі керек. Азаматтармен сыпайы болуды ұмытпау қажет. Заң бәріне бірдей", – деп атап өтті ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046699-qazaqstandyq-policiya-qyzmettin-kuseitilgen-rezimine-kosti/

pixel