Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған аса ұнамайды": елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Астана туралы сынға жауап берді

Опубликовано:

Астана
Астана. Көрнекі фото: akorda.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордалық кәсіпкерлермен кездесу барысында қалаға көп айтылатын сынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кездесу кезінде жиынға қатысушылар блогерлер мен БАҚ өкілдерінің басым бөлігі Астананы жиі сынға алып, қаланың беделін түсіретін пікірлер айтатынын алға тартты.

"Мен мұнымен келіспеймін. Біздің қаламыз жақсы, қонақжай әрі мейірімді. Кемшіл тұстары да жоқ емес, бірақ біз өсіп келе жатырмыз.

Егер қала расында нашар болса, ол қарқындап дамымас еді. Адамдар бұл жерге болашағын, бақытын іздеп келмес еді. Бірақ жұрт Астанаға балаларын аяғына тұрғызамыз, жарқын болашағын құрамыз деген үмітпен келеді. Жұрт осы 25 жыл ішінде қоныс аударуды доғармаса, ал Астана халқының саны 300 мыңнан 1,5 миллионға дейін өссе, демек елордамыз расында қазақстандықтардың үмітін ақтап жатыр деген сөз", – дейді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, Астанада қонақүй және мейрамхана бизнесі қарқынды дамып келеді.

"Астанада әлемдегі түрлі елдің асханасы, тағамдары бар қоғамдық орындарды кездестіруге болатыны баршамызға мәлім, біз қоғамдық тамақтану орындарының дамығанын қолдаймыз және оған жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз.

Сонымен қатар үлкен іс-шаралар өтіп жатқан кезде белгілі бір деңгейдегі қонақүйлер тапшы екені белгілі. Бір кезде 4 жұлдызды қонақүй керек болса, кей жағдайда деңгейі одан да жоғары қонақүй керек болып жатады. Бұл саланы да дамыту керектігін түсініп отырмын. Қалада көптеген имидждікшаралар өтіп жатыр", — деді қала басшысы.

Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек блогерлердің Астанаға қарата айтатын сынына қатысты пікір білдірді.

"Әйгілі блогерлердің қала туралы жағымсыз пікір айта беретіні маған аса ұнамайды. Олар Астана тек көлік жүргізушілері үшін арналған деген пікірде. Немесе қала дрон арқылы жоғарыдан ғана түсірілген кезде әдемі көрінетінін айтады.

Негізі бас жоспарымыз расымен әдемі, бірақ абаттандыру мәселесі, оған қоса барлық азаматқа, әсіресе бірінші кезекте жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мәселесі де бар. Сондай-ақ біз қаланы қолжетімді ортаға айналдырумен айнасылып жатырмыз. Елордамыздың, әсіресе туристер үшін өмір сүру деңгейін жақсартуға бірге талпынайық", — деді Астана әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046712-magan-asa-unamaidy-elorda-akimi-zenis-qasymbek-astana-turaly-synga-pikir-bildirdi/

pixel