Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 4 жасар Айкөркемнің әкесіне айыппұл салынды

Опубликовано:

судья балғасы
Судья балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 4 жасар қыздың әкесі Facebook-парақшасында көршісі шабуыл жасағанын айтып әрі полиция қызметкерлері шабуылдаушыға қатысты әрекетсіздік танытты деп айыптап, жазба жариялаған. Салдарынан сот оны көрінеу жалған ақпарат таратты деп танып, оған 69 000 теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Алматы соттары баспасөз қызметі ресми Facebook парақшасында.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, Алматы қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М.-ға қатысты әкімшілік істі қарады (ӘҚБтК 456-2 бабының 3 бөлігі).

"А.ж. 8 қарашада М. Facebook бейнехабарлама жариялағаны белгілі. Аталған жазбада М. а.ж. 21 қазанда көршісінің оған шабуыл жасау фактісі бойынша полиция қызметкерлері шабуылдаушыға қатысты әрекетсіздік танытқанын мәлімдеді. Сондай-ақ полиция органдары оның өтінішін қабылдамаған және қандай да бір сипатта әрекет етуге тырыспаған", - делінген іс материалдарында.

Алматы қаласы соттары баспасөз қызметі ақпараты бойынша, сот М. тарапынан полицияға қандай да бір өтініш және мәлімдеме жасалмағанын анықтаған. Сонымен қатар М. учаскелік полиция қызметкерімен әңгіме барысында шағымдардан бас тартып, жанжалдың бейбіт жолмен шешілгенін айтқан.

Осылайша М. желіде жалған ақпарат жариялаған. Алайда М. өз кінәсін мойындаған жоқ.

Сот қаулысымен М. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2 бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды әрі оған 69 000 теңге мөлшерінде баламасыз әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046722-qantar-oqigasy-kezinde-qaza-tapqan-4-zasar-aikorkemnin-akesine-aiyppul-salyndy/

pixel