Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада дүкендегі жаңа киімді киіп кеткен күдікті ұсталды

Опубликовано:

Күдікті
Күдікті. Видеодан кадр: t.me/police_of_kz

Елордада тұрғын дүкендегі спорттық костюмді киіну бөлмесінде киіп, дүкеннен шығып кетуге тырысқан. Қазір 27 жастағы күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.

Сатушылардың айтуынша, жігіт дүкенге келіп, киіну бөлмесінде спорттық костюмді киіп алған. Кетер кезде ол кассаға бармай, залдан шығып кеткен. Сол кезде ұрлыққа қарсы магнит іске қосылған.

Бейнежазбада ер адам жұмысшыларды үстіндегі киім өзінікі екеніне сендіруге тырысқан.

Полиция мәліметіне сүйенсек, күдікті бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Қазір 27 жастағы елордалық азаматқа қатысты қылмыстық кодекстің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қала тұрғыны өз қылмысын мойындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046736-astanada-dukendegi-zana-kiimdi-kiip-ketken-kudikti-ustaldy/

pixel