jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Синоптиктер биыл қыс осыдан 22 жыл бұрынғыдай болатынын айтты

қар жауған сәт
Қар жауған сәт. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктердің болжамынша, биыл күз мезгілі кейінгі жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жылы болды. Мамандардың КТК телеарнасына берген сұхбатына сүйенсек, алдағы қыс 2001-2002 жылдардағы қыс мезгіліне ұқсауы мүмкін.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республика бойынша екпіні секундына 28 метрге жететін жел соғады. Солтүстікте бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Мамандардың айтуынша, желтоқсан, қаңтар және ақпан айларындағы ауа райына Атлант мұхиты аймақтарынан ылғалды ауа массалары әсер етеді. Сондықтан қазақстандықтар үшін 20 жылдан бері болмаған жылы қыс болуы ықтимал. Дегенмен сарапшылар мұны аномалия деп санамайды.

"2023-2024 жылдардың қысы 2001-2002 жылдардағы қыс сценарийіне ұқсас болмақ, яғни жылы және жауын-шашын көп болады. Алдағы қыста Қазақстанда температуралық фон климаттық нормадан 1-2 градус жоғары болады деп күтіледі.

Көпжылдық мәліметтер бойынша қыс жылы болған жылдары орташа температура нормадан 4-10 градусқа жоғары болған", - деді "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова.

Синоптиктер Қазақстанда жаңа жылдың басында қар жиі жауатынын болжады. Еліміздің солтүстігі, шығысы мен орталығында қатты аяз болуы мүмкін. Термометр -17 градусқа дейін төмендейді. Бұл айларда оңтүстік өңірлерде ауа райы нөлден жоғары болады.

Метеорологтар биыл көктем де жылы болатынын айтты.

Дереккөз: КТК

Синоптиктер биыл қыс осыдан 22 жыл бұрынғыдай болатынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.